«Бауырым». Атақты Александр Усик Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

Qaz365.kz редакциясы

Жәнібекң Әлімханұлы кәсіби мансабында он алтыншы жеңіске жетіп, IBF және WBO белбеулерін сәтті қорғады

Ali Hamed Khama / EPA / TASS

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) бүгін жаңазеландиялық Андрей Михайловичті нокаутпен жеңді. Жекпе-жектен кейін аса ауыр салмақ дәрежесіндегі WBA, WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы, украиналық Александр Усик қазақ боксшысын құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бауырым, құттықтаймын! Алған бағытыңнан тайған жоқсың! Сені менің командам құттықтап жатыр. Құшақтадым», - деді Усик.

Айта кетейік, бүгін Әлімханұлы  шыққан тегі ресейлік, қазір Жаңа Зеландия атынан шыққан Андрей Михайловичті (21-0, 13 КО) бүгін Сиднейде нокаутпен жеңді.
Осылайша Жәнібекң Әлімханұлы кәсіби мансабында он алтыншы жеңіске жетіп, IBF және WBO белбеулерін сәтті қорғады, ал Андрей Михайлович кәсіби рингте алғашқы жеңіліске ұшырады.