«Ең көп ақша алатын қоманда»: Нұрлан Қоянбаев «Барыстың» кезекті жеңілісінен соң ашуланды

Qaz365.kz редакциясы

Ол «Астана» велокомандасының құрамы туралы да айтты

Фото: ашық дереккөзден

Танымал кинопродюсер, актер Нұрлан Қоянбаев бюджет көп қаржы алып, алайда ешқандай нәтиже көрсетпейтін хоккейшілер мен велоспортшылар туарлы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Барыс» неше жыл бюджеттен ақша алып жатыр? Неге журналистер осыған мән бермейсіздер? Құрама нәтиже көрсетпейді! Көрші елдің чемпионатында соңғы орында жүр. Миллиардтаған ақша айтысқа немесе көкпарға бөлінсін! Қазақстанда бюджеттен ең көп ақша алатын команда, үйде 1-10 болып ұтылып жатыр», - деп жазды Нұрлан Қоянбаев.

Ол «Астана» велокомандасының құрамы туралы да жазды.

«Астана велокомандасы да жүр жыл сайын бюджеттен ақша алып. Араларында бір қазақ жоқ, нәтиже де жоқ. Құрметті журналистер осыларға мән берейікші», - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін «Барыс» хоккей клубының жаңа маусымдағы ойыншыларының жалақысы туралы жазған едік.