Әбиба Әбужақынова БАӘ-дегі Grand Slam турнирінде қола жүлде иеленді

Nur-Altay Umirzak

Ол германиялық Сара Ишті мерзімінен бұрын жеңді

Olimpic.kz

Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үшінші орын алды, деп хабарлайды .

Ол 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. 

Үшінші орынға таласта Әбиба германиялық Сара Ишті мерзімінен бұрын жеңді.

Жұбаныш раундында Әбужақынова француз спортшысы Лаура Эспадиньядан мықтырақ болып шықты.

Айта кетейік, Парижде өткен соңғы Олимпиада ойындарында қазақстандық қыз үшінші орын үшін күресте жеңілген болатын.