Қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындық үстінде
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында, бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өтіп, жаңа құраманың капитанын сайлады.
- Спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды, - делінген хабарламада.
Айта кетерлік жәйт, қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындық үстінде. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.