2026 жылғы «Болашақ ойындары» Қазақстанда өтеді

Nur-Altay Umirzak

Бұл турнирді өткізу құқығына Перу мен Чили мемлекеттері үміткер болған

worldphygital.org

2026 жылғы «Болашақ ойындары» Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл турнирді өткізу құқығына елімізден бөлек, Перу мен Чили мемлекеттері үміткер болған. Қатысушылар жарыста физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін бағдарламаларда сынға түседі.

«Қазақстанда киберспорт қарқынды дамып келеді. 2018 жылдан бері Қазақстан аумағында 140-тан астам киберспорт турнирі ұйымдастырылды. Оған 40 мыңнан аса адам қатысты. Біз «Болашақтың ойындарын» сәтті өткізу үшін барлық күшімізді саламыз», – деді Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Роллан Серіков.

«Болашақтың ойындарын» Қазақстанда өткізу бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Қазан қаласында өткен алғашқы ойындардың ашылу салтанатында ұсынған еді. Келесі жылғы турнир Біріккен Араб Әмірлігінде, ал 2026 жылы Астанада өтетін болып бекітілді.