Қазақ мәдениетімен танысудағы екінші қадамым – UFC комментаторы Лаура Санко Шавкат Рахмановқа тілеулестік білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Лаура Санко бұған дейін Шавкат Рахмоновтың жанкүйері екенін айтқан еді

Фото: ашық дереккөзден

Белгілі UFC комментаторы Лаура Санко қазақ файтері Шавкат Рахмановтың жекпе-жегі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Томиристің күш қуатын берсін! 7 желтоқсан менің туған күнім, керемет жекпе-жекті көретін тамаша күн. Қазақ елінің мәдениетін танысуда жасалған екінші қадамым. Алға!» - дейді ол.

Лаура Санко бұған дейін қазақ тілінде сөйлеп, Шавкат Рахмоновтың жанкүйері екенін айтқан еді.

Лаураның постына пікір қалырған жазылушылар Томирис патшайымның тарихын білесіз бе деп сұрады. Белал оның постына смайлик қана қалдырған. Лаура оған «керемет айқас болатынына сенімдімін» деп жауап берді.