UFC-дегі жаңа жұлдыз. Асу Алмабаев төртінші жеңісіне қол жеткізді

Qaz365.kz редакциясы

Бұл Асу Алмабаевтың UFC-дегі төртінші жеңісі саналады

Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (20-2) Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 245 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бразилиялық файтер Матеус Николаумен (19-4-1) кездесті. Жекпе-жек үш раундтқа есептелген болатын. Төрешілердің бірауыздан шешімімен Асу жеңімпаз деп танылды.

Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби мансабындағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Матеус Николау бесінші рет жеңіліс тапты.

Матеус Николау UFC-дің аса жеңіл салмақтағы рейтингінде 7-орында тұрған еді, ал Асу Алмабаев бұл тізімде 14-орынға жайғасқан.

Айта кетейік,  бұл Асу Алмабаевтың UFC-дегі төртінші жеңісі саналады.