Ол 185 келі зілтемірмен еркін отырып-тұрып және 192 кг темірді жерден көтерген
Тәліпбек Әлжанов күш сайыстыру спортынан Қазақстанның 16 дүркін, Азияның 10 дүркін абсолютті чемпионы. Осыдан екі жыл бұрын әлемнің 40 елінен келген 600-ден астам спортшымен күш сайыстырып, алтын және күмістен алқа тақты. Бұл сайыстарда ол 185 келі зілтемірмен еркін отырып-тұрып және 192 кг темірді жерден көтерген. Пауэрлифтингпен 30 жылдан бері айналысып келеді.
"Ауыр заттарды тонналап көтереміз. Гантель бар. 10-нан 18 келіге дейін барам. Келесі айда 20 келіге ауыссам деймін. Басқа спорттық снарядттар бар. Әрқайсысы 70-80 келі. Мәселен, аяққа салмақ салу. Оның өзін 150 келіден бастау керек."
Қария аптасына 4 күн арнайы залға барып жаттығады. Оның өзі кейде 4 сағатқа дейін созылады. Қимыл қозғалысындағы жылдамдықты жоғалтып алмау үшін алдымен бокс қабымен жұдырықтасады. Сонан соң күш қайратты арттыратын түрлі жаттығуларға кіріседі екен.
Сексен жасында сергек жүрген қария ұзақ жыл мәдениет саласында еңбек еткен жан. Театр да басқарған, облыстың мәдениет саласына да жеткешілік еткен. Еріншектік пен ерік-жігерін жеңе білген жан спорттың арқасында бүгінде қарттыққа мойынсұнбай, жастарға үлгі болып келеді.