Қазақстандық 11 жасар қыз Мысырдағы үстел теннисінен өткен турнирдың чемпионы атанды

Nur-Altay Umirzak

Ол 13 жасқа дейінгілер категориясында үздік деп танылды

Olimpic.kz

Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Исмаилияда өтіп жатқан (Мысыр) WTT Youth Contender турнирінде «алтын» еншіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Ол 13 жас категориясында үздік деп танылды. 11 жастағы спортшы қыз жеті матч өткізіп, оның бәрінде жеңімпаз атанды”, – делінген ҚР Олимпиада комитеті хабарламасында.

Айта кететіні, биыл тамыз айында ол Хорватиядағы турнирде де жеңіске жеткен.