Боксшыға қатысты қылмыстық іс биыл 20 қазанда тоқтатылған
Алматы полиция департаментінде бокстан әлем чемпионы Жанқош Тұраровтың жанжалы жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ресми ақпаратқа қарағанда, Жаңқош Тұраров енді қазір тергеліп жатқан жоқ. Боксшыға қатысты қылмыстық іс биыл 20 қазанда тоқтатылған.
Іс жүргізу шеңберінде сот-медициналық және сот-биологиялық сараптамалар жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша зорлау фактісі расталмаған.
Еске сала кетейік, спортшыны алматылық Анар Құрманали көпшілік алдында айыптап, олардың жасырын қарым-қатынаста болғанын (6 жыл) мәлімдеген еді.