Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Еңбекқор, кәсіби шыңдалған, тәжірибелі, адал маман – қай ортада да сыйлы. Үкіметтің именіп жүріп игілік көрген жандардың мәртебесін көтеріп, қолдап жатқаны көңіл қуантады. Өз ісіне адал, жауапкершілігі зор жандар ғана ел ырысын кеңейтері сөзсіз. Қалыптасқан стереотиптерді жойып, қарапайым жұмысшы мамандықтарын дәріптеу – қоғам алдындағы борышымыз. Солардың бірі – Сәрсенбай Оспанұлы.