Атырау облысында 102 бала онкологиялық дертке шалдыққан

Nur-Altay Umirzak

Өңірде 5 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдыққан

Сурет: Евгений Сорочин / Газета.uz

Атырау облысында 102 бала онкологиялық дертке шалдыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

"Балалар арасында жаман аурудың көбеюіне экологиялық ахуал мен тұқымқуалаушылық әсер етеді", – дейді мамандар. 

Жалпы, өңірде 5 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдыққан. Аурудың алдын алу және оны ерте сатыда анықтау мақсатында тұрғындар арасында профилактикалық шаралар жүргізілуде.