Оған Нұрлыбаев сұрақты түсінбей, басқаша жауап берді
Бүгін Мәжілісте депутат Ринат Зайыт орыс тілінде сұрақ қоюуға мәжбүр болды. Өйткені еңбек демалысында жүрген Денсаулық сақтау министрінің орнына келген Ержан Нұрлыбаев қазақ тіліне шорқақ болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz
Басында Ринат Зайыт шенеунікке қазақ тілінде министрлік фармкомпанияларға неге бөле жарып қарайтынын сұраған. Оған Нұрлыбаев сұрақты түсінбей, басқаша жауап берді. Сосын депутат сұрағын орыс тілінде қойды.
Зайыттың орысша сөйлегенін естіген Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов «орысша сайрайды екенсіз ғой, Ринат Рифхатұлы» деп депутаттарды күлдірді.