Қазақстанда дәрігерлерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Qaz365.kz редакциясы

Бұл бастама дәрігерлерге шабуыл оқиғалары жиілегендіктен көтеріліп отыр.

Pixabay.com

Елімізде медицина қызметкерлеріне күш қолдану оқиғалары көбейіп барады. Осыған байланысты дәрігерлердің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған заң жобасы дайындалуда. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.

Министрдің айтуынша, күзде Парламент дәрігерлерге қоқан-лоқы көрсету мен шабуыл жасауға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін заң жобасын қарайды.

Құжатта мынадай жаза түрлері қарастырылған:

Бір дәрігерге күш қолданған - 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін;

Егер шабуыл төтенше жағдайда жасалса - 10 жылға дейін сотталуы ықтимал;

Бірнеше медицина қызметкеріне шабуыл жасаған адам - 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Бұл бастама дәрігерлерге шабуыл оқиғалары жиілегендіктен көтеріліп отыр. Соңғы мысал ретінде, 17 шілдеде Қостанай облысында болған оқиғада дәрігер ауыр жарақат алып, реанимацияға түскен болатын.