Үржардағы жол апаты: екі бала жансақтаудан бөлімінен шығарылды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылындағы көлік апатынан аман қалған балалардың жай-күйін білуге барды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аурухананың баспасөз қызметі зардап шеккендерге қажет барлық медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқанын атап өтті.

«Дәрігерлер балалардың өмірін құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда»,—деп толықтырды мекеменің баспасөз қызметі.

Ақмарал Әлназарова балалар ауруханасының емдеуші дәрігерлерімен әңгімелесті, оқиғадан кейінгі алғашқы сағаттан бастап шұғыл көмектің толық көлемін қамтамасыз еткен мультидисциплиналық бригадалардың үйлесімді жұмысын атап өтті.

Сапар барысында ведомство басшысы баланың анасымен кездесіп, тезірек қалпына келуін тілеп, шын жүректен қолдау білдірді.

«Біздің балаларымыздың денсаулығы мен өмірі басты басымдық болып табылады. Мемлекет оларды қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен кішкентай пациенттерді құтқаруға жедел қатысқан дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Балаларға тезірек сауығып кетуін, ал туыстарына - осы қиын уақытта күш пен шыдамдылық тілеймін», - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Еске салайық, 19 тамызда Бестерек ауылында 55 жастағы жүргізуші көлігін басқара алмай, қақпа алдында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен болатын. Апат салдарынан 3 бала көз жұмды. Тағы үш жасөспірім түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 20 тамызда ауруханаға түскен үш баланың екеуін санавиация ұшағымен Астанаға алып кетті. Ауруханаға түскен үш баланың да бас сүйегі зақымданған. Сондай-ақ тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалары жарақаттанған.

Қазіргі таңда жүргізуші ұсталып, Үржар ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық сараптама оның жол апаты кезінде есірткі мен ішімдік қолданбағанын көрсетті.