Танкіге мініп, жаумен шайқасқан қазақтың төрт батыр қызын білесіз бе?!

Nur-Altay Umirzak

Батыр арулардың ерлігі мен тағдыры жайлы «Төрт қайсар» деректі фильмі түсірілген

Сурет: Бейнеден кадр/QazaqstanTV

II Дүние жүзілік соғыста танкіге мініп, жаумен шайқасқан қазақтың төрт батыр қызы белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі QazaqstanTV-ға сілтеме жасап.

“Соғыс жылдарында ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен қазақтың төрт аруы –  Жамал Байтасова, Жамила Бейсенбаева, Күлкен Тоқбергенова және Күлжәмила Талқанбаева танкімен майдан даласына аттанып, жауға қарсы күрескен алғашқы әйелдер қатарында болған”, – делінген ақпаратта.

Олардың ерлігі тарихта сирек кездесетін оқиға. Бір шайқаста тұтас экипаж із-түзсіз жоғалып кеткен деген дерек бар.

Батыр арулардың ерлігі мен жұмбаққа толы тағдыры жайлы «Төрт қайсар» деректі фильмі түсірілген.