Шаршауыңды басатын,
Қаның асып-тасатын,
Ем болмайды жаһанда
Пантаваннадан асатын!
Панта ванна дегеніміз – маралдың мүйізінен сығып алынған қанды белгілі мөлшерде таза суға араластырып, соған белгіленген уақыт бойы түсу. Алтай тауын айнала мекендеген ата-бабамыздан келе жатқан емдік шара. Бертін совет ғалымдары да, тәуелсіздік тұсындағы дәрігерлер де оның пайдасына ғылыми түрде көз жеткізген.
Марал мүйізі (теңбіл бұғы) өскен сайын бойына биологиялық белсенді заттарды, гормон мен микроэлементтерді жинай бастайды. Сондықтан да оны адамдар әртүрлі ауруларды емдеу үшін панта ваннасында қолданады:
тыныс алу жүйесі (бронхит, демікпе);
зәр шығару жүйесі;
тері аурулары (дерматит, есекжем, қышыма);
невроз, жүйкенің тозуы;
остеохондроз (сарысудың жиналуы), артроз (шораяқ).
Көрсетілімдер:
Панта ваннасын аяқ-қолдың буыны қақсағанда (сарысу жиналып сырқырағанда) емдеуге, еркек те, әйел де денсаулығын жақсартуға, иммунитеттің күшеюіне, шаршауды шығаруға қолданады.
Панта ваннасына бір курста неше рет түсуге болады?
Ең дұрысы – 10. Ваннаны қабылдаудың пайдасы біртіндеп өсіп отырады да, 8-10 шарадан соң жоғарғы деңгейіне жетеді. Денсаулықтың жақсара бастағанын 2-3 реткі шарадан кейін байқай бастайсыз.
Панта ваннасын күніне 1-2 рет қабылдауға болады.
Тамақтанғанға дейін 2 сағат бұрын немесе ас ішкен соң 2 сағаттан кейін бастау керек.
Панта ваннаның әсері 6 айға дейін жоғалмайды.
Панта ваннаны кімге ұсынуға болады?
Кімде-кім иммунитетін жақсартқысы келсе және қайта-қайта тұмаурата беретін адамдар;
Мидың қызметін және физикалық жұмысты арттыру үшін қажет. Тез шаршай беретін, созылмалы шаршауға ұшырағандар;
Ұйқысы қашқан немесе ұйқысы бұзылған адамдар;
Еркектің денсаулығын оңалту, простатиттен құтылу, белсіздікті жою (импотенцияны жақсарту);
Әйелдің денсаулығын жақсарту, зәр шығару жүйесіндегі аурулардан айығу (климакс, бедеулік, жатыр патологиясын емдеу); жарақаттан кейін оңалу, буын ауруларын басу, сынған сүйекті қалпына келтіру (сынықтан соң 11-12 күн өткенде);
Зерттеу нәтижесі бойынша емдік курстан өткендердің 87% жоғарыда аталған аурулардан сауыққан.
Алматы қаласындағы «Almaty Resort» шипажайында пантаваннамен емдеу курсы дәстүрлі түрде жолға қойылған. Білікті дәрігерлер мен мықты мамандар ауруыңыздың диагнозын нақты қойып, неше рет пантамен емделуге, яғни қандай курстан өту керектігін анықтап әрі емдеп береді.