Оразада сәресін ішпей, ұйықтап қалса не істеу керек – Нұрлан имам жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Сәресіне ұйықтап қалса не істеу керек

Фото: ашық дереккөзден

Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы ораза ұстаған адам сәресіне ұйықтап қалса не істеуі керектігін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сәресіне ұйықтап қалдыңыз, уақыты шығып кетіпті: кеше жасаған ниетіңізді бүгін қайтадан айтыңыз. Су ішудің қажеті жоқ. Уақыты кірсе жалғастыра бересіз. Егер уақыты кірмей, санаулы минуттар қалса ниетіңізді айтып, сумен бекітіп қойсаңыз болады. Көп адам сумен бекітіліп, сумен ашылады деп ойлайды екен. Жоқ, ораза уақытымен ашылып, уақытымен жабылады. 

Сәресі тамақ ішпей, кешке дейін жүргеннен кейін адамның асқазаны тартылып қалып, сол кезде жұмсақтап тәтті нәрсе жеп немесе су ішу – денсаулыққа пайдалы», – дейді имам.