30 млн теңге пара: Алматы қалалық адвокаттар алқасы адвокатының былығы

Nur-Altay Umirzak

Ол  тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен лауазымды адамдардың келісімін алып беремін деген

Сурет: tengrinews.kz

Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты алаяқтық және пара беру ісін ұйымдастырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеп отыр.

“Алматы қаласы Медеу аудандық сотымен Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Р. Наинбаев және қала тұрғындары Д. Тұяшев, Г. Сәкенова сотталды.Олар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден астам пара беруге қала тұрғындарын алаяқтық жасағаны және арандатқаны үшін кінәлі деп танылды.Сот үкімімен Сәкеноваға 7 жыл, Тұяшевқа – 4 жыл және Наинбаевқа - 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген Антикор хабарламасында.

Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылған.