Қарақшылар 58 жастағы Алматы тұрғынын көшенің қақ ортасында тонап кетті

Nur-Altay Umirzak
Сурет: Polisia.kz

Алматыда 58 жастағы жергілікті тұрғынды екі қарақшы көшенің қақ ортасында тонап кетті. Тонау фактісі бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алмалы аудандық Полиция басқармасы мәлімдеді.

“Алматының Алмалы ауданында жедел уәкілдер екі қарақшыны ұстады. Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында, олар, өтіп бара жатқан 58 жастағы азаматқа шабуыл жасап, жеке мүлкін тартып алған. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Бұл қылмысты жедел ашуға бейнебақылау жүйелері ықпал етті. Олардың көмегімен тонаудың минут сайынғы хронологиясын құру және күдіктілердің жүру бағытын анықтау мүмкін болды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың жеке басы басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексерілуде, –  деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батуржан Абдумасаров.

Еске сала кетейік, Алматыда барлығы 176 мың 670 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Өткен жылы олардың көмегімен 3 мың қылмыс ашылған болатын.