Одан 600 грамнан астам кокаин, 130 грамнан астам каннабис шайыры, 30 грамнан астам каннабис майы тәркілен
24 жастағы елордалық 100 млн теңге болатын кокаин өнімін заңсыз тасымалдаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Астанада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, 24 жастағы ер адамды ұстады. Тінту барысында оның пәтерінен ірі көлемдегі есірткі мен оларды сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 600 грамнан астам кокаин, 130 грамнан астам каннабис шайыры, 30 грамнан астам каннабис майы тәркіленді”, – делінген полиция хабарламасында.
Тәркіленген есірткілердің қара нарықта жалпы құны 100 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Басқа да күдіктілердің бар-жоғы анықталып, тергеліп жатыр.