Түркістанда табиғат қорғаушылар 15 млн бюджет қаржысын жымқырған

Nur-Altay Umirzak

Олар жеке кәсіпкерден сапасыз өнімдерді арзан бағада сатып алу арқылы мемлекет қаржысын жымқырған

Сурет: Бейнеден кадр

 Түркістан облысының Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

“Түркістан қалалық соты облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы жанындағы «Жасыл аймақ» КММ бұрынғы басшысы И. Бегасиловқа, оның орынбасары А. Ерназаровқа, КММ заңгері М. Айнабековаға және кәсіпкер И. Муслимовқа қатысты үкім шығарды. Олар техникалық ерекшелікке және қойылатын сапа талаптарына сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 14,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бегасилов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, Ерназаров, Айнабекова және Муслимов 2 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды”, – делінген Антикор хабарламасында.
 

Сонымен қатар, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылған. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.