Оның банктік шоты арқылы 4,8 миллион теңге қаржы шығарылған
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының прокуратурасы «WhatsApp» ақпараттық жүйесін қолданушылардан қаражат ұрлауға қатысы бар бір топ алаяқтарды сотқа берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы прокуратиурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Дроппер алаяқтық схемаларға белсене қатыса отырып, оның банктік шоты арқылы 4,8 миллион теңгеден астам ақшалай сома шығарылды. Жәбірленушілер арасында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, сондай-ақ Жетісу және Алматы облыстарының тұрғындары да бар”, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қазіргі уақытта Қаратөбе ауданы прокуратурасы айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2 және 3-бөлімдері бойынша сотқа берді. Ол бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырумен және мүлкін тәркілеумен жазалануы мүмкін.