ІІМ ескерту жасады: Шет елдердегі қарулы қақтығыстарға шақыратын жарнамалар көбейген

Nur-Altay Umirzak

Әлеуметтік желілерде қарулы қақтығыстарға ақша үшін қатысуды ұсынатын жарнамалық материалдар мен бейнероликтер жиі таралуда

Сурет: ferra.ru

Шет елдердегі қарулы қақтығыстарға ақша үшін қатысқаны үшін Қазақстан азаматтарына жауапкершілік пен ауыр жаза қарастырылған, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі ескерту жарияллады.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде шет мемлекеттердің Қарулы күштерімен келісімшарт жасасып, қарулы қақтығыстарға ақша үшін қатысуды ұсынатын жарнамалық материалдар мен бейнероликтер жиі таралуда. Соған орай ҚР ІІМ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескртіп отыр.

  • Қазақстан Республикасының азаматының жалдамалылық белгілері жоқ (ҚР ҚК 172-бабы) жағдайда шет мемлекеттің аумағында қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына қасақана заңсыз қатысқаны үшін бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
  • Ал жалдамалылық үшін (ҚР ҚК 170-бабы) жасалған әрекеттің ауырлығына қарай жеті жылдан басталатын мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру не азаматтығын сақтай отырып, мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтарды еліміздің заңнамасын сақтауға және ауыр құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақырып отыр.