Алматы қаласы әкімінің орынбасары бизнесті заңсыз тексеріп келген

Nur-Altay Umirzak

Оған заңсыз тексерісі үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалаған

Сурет: dpcsafety.co.uk

Алматы қаласы әкімінің орынбасары бизнесті заңсыз тексергені үшін жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

 “Түрксіб ауданының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексерумен байланысты әкімдіктің лауазымды тұлғаларының құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесті. Қала әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу барысында аудан әкімдіктерінің қызметкерлері өз өкілеттіктерінің шегінен шығып кәсіпкерлерден құжаттарды (тауарларға ілеспе жүк құжаттарды) заңсыз негізде ұсынуды талап еткен. Мұндай әрекеттер заңнамаға қайшы келеді, себебі тексерушілерде бизнестен құжаттаманы талап ету үшін құқықтық негіздер болмаған.Тексеру жүргізу тәртібін бұзу фактілері бойынша аудан әкімдері аппараттарының 6 лауазымды тұлғасы ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды (25 материал бойынша 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды). Бұдан басқа Алматы қаласы әкімінің орынбасары ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы) жауаптылыққа тартылды”, – делінген прокуратура хабрламасында.

Қазіргі уақытта барлық айыппұл қысқартылған тәртіппен төленген.