"Қылмысымыз ашылса артымызды жабамыз": Түркістан облысында интернет алаяқтар ұсталды

Nur-Altay Umirzak

Қылмыстық топ 100-ден астам азаматтың 150 млн теңгеден астам қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып үлгерген

Сурет: Shutterstock

Түркістан облысында интернеттегі алаяқтықпен айналысатын қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралвы ҚР Баспрокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Түркістан облысының прокуратурасы интернет-алаяқтыққа қарсы күрес аясында осы санаттағы 200-ден астам қылмыстық істі талдады.Нәтижесімен азаматтардан интернет – алаяқтық арқылы ұрланған ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырған бірнеше істер бойынша қатысушылар анықталды. Облыс прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық топты Астана қаласында Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Қылмыстық схеманы іске асыру үшін топқа қатысушылар банктік карточкалары арқылы ақшалай қаражат түскен адамдарды («дропперлер») іздестіруді және оқытуды жүзеге асырған.Қылмыстық топта оның қатысушылары арасындағы міндеттерінің нақты бөлінгені анықталды (қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық қудалау орбитасына түскен жағдайда жауапкершіліктен алыстату әдістері бойынша нұсқаулықтар жүргізу, ақшалай қаражаттың үздіксіз түсуі үшін топтың жұмысын үйлестіру және т.б.). Алдын ала мәліметтер бойынша қылмыстық топ 100-ден астам азаматтың 150 млн теңгеден астам сомаға ұрланған қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырған”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта қылмыстық топтың мүшелері қамауда, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.