"Жоқ балаларға алып отырған": Жамбыл облысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

Nur-Altay Umirzak

Олар екі жыл бойы 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырып үлгерген

Сурет: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Қордай ауданында мектепке дейінгі білім беру ұйымы қызметінде ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.Екі жыл бойы балабақша басшылығы мектепке дейінгі ұйымға мүлдем келмеген балалар үшін заңсыз бюджет қаражатын алып отырған. 2025 жылғы 11 наурызда ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі аудан прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2)тармағымен тіркелді”, – делінген прокуратура хабарламасында. 

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне тапсырылған.