Дропперлер Ұлытау облысы тұрғынының 26 млн теңгесін алып қойған

Nur-Altay Umirzak

Өткен жылы облыста осы бағытта 69 млн теңге сомасына 42 талап-арыз шағым түскен

Сурет: Freepik.com

Ұлытау облысында “Дропперлерден” заңсыз иеленген қаражаттар өндірілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қазіргі уақытта қылмыскерлердің «дропперлерді» қылмыстық мақсатта пайдаланатын алаяқтық фактілері жиіледі. Негізгі схемаларға «дропперлер» заңсыз жолмен алынған ақшаны алаяқтарға өз шоттары арқылы аударады немесе банк карталарын береді, осылайша нағыз қылмыскерлердің іздері жасырылады. Прокуратураның үйлестіруімен полиция органдары жәбірленушілерге Азаматтық кодекстің 953-бабына сәйкес «дропперлерден» негізсіз баюға байланысты алынған ақша қаражатын өндіріп алу механизмін түсіндіруде. Мысалы, алаяқтар алдау арқылы жәбірленушінің 26 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген. Оның 15,4 млн теңге сомасындағы бір бөлігі «дроппердің» шотына аударылғаны анықталды. Жәбірленуші Азаматтық кодекстің 953-бабы тәртібінде негізсіз байлықты «дропперден» өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Сот қарауының нәтижесі бойынша жәбірленушінің талап-арызы қанағаттандырылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Өткен жылы облыста сот 69 млн теңге сомасына 42 талап-арызды қанағаттандырылған. Ал  ағымдағы жылы сот 28,3 млн теңге сомасына 13 талап-арызды қарап, жәбірленуші тараптың мүддесіне шешіп берген.