Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші әйел жауапқа тартылды

Nur-Altay Umirzak

Жүргізуші жыпылықтайтын шамдары қосылып, жол сұраған жедел жәрдем көлігін елемеген

Сурет: exk.kz

Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды,  деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 22 сәуір күні сағат 15:30-да Трудовая және Әшімов көшелерінің қиылысында болған.

“Toyota көлігінің жүргізушісі жыпылықтайтын шамдары қосылып тұрған жедел жәрдем көлігіне жол бермеген. Жүргізуші әйел жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді”, – делінген полиция ақпаратында.

Жедел тапсырмаларды орындайтын көліктерге қатысты жүргізу тәртібін сақтау тек заң талабы ғана емес, адам өмірінің мәселесі. Жолдағы өзін-өзі ұстау мәдениеті екенін полицейлер ескертіп отыр.