Контрабандалық өнімдер 2024 жылдың желтоқсан айында анықталған
Алматыдағы заңсыз 7 мың қорап пиротехникалық бұйымдар ісі аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Алматы облысы Қарасай аудандық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Прокурорлар 7 мың қорап пиротехникалы бұйымдардың тәркіленуін қамтамасыз етті. 2024 жылдың желтоқсан айында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Қарасай ауданында орналасқан қоймалардың бірінен тиісті рұқсат құжаттарынсыз заңсыз сақталған 7 мың қорап пиротехникалық бұйымдарды анықтады. Анықталған құқық бұзушылықтарға қарамастан, сот қойма иесіне қатысты әкімшілік істі заңсыз түрде тоқтатып, тәркіленген пиротехникалық өнімдерді қайтару туралы шешім қабылдаған. Аталған сот шешімімен келіспеген Қарасай ауданының прокуратурасы апелляциялық тәртіппен шағым түсірді. Апелляциялық қарау нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың қаулысы күшін жойып, құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.
Нәтижесінде жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын 7 мың қорап пиротехникалық бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді.