Алматыда мемлекет меншігіндегі құны 100 млн теңгелік жүк көлікті бөлшектеп құртқан

Nur-Altay Umirzak

Жүк көлігі әкімшілік іс бойынша тәркіленіп, мемлекет кірісіне өндірілуі керек болған

Сурет: mods.club

Алматыда мемлекет пайдасына тәркіленуге жататын Volvo жүк көлігі тоналып, Mercedes автокөлігі жасырылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Алматы облысы прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесінде айып тұрағындағы тәркіленуде тұрған мүліктерді тонау фактісі анықталды. Атап айтқанда жалпы құны 100 млн теңгеден астам тұратын «Volvo FH» маркалы жүк көлігі әкімшілік іс бойынша тәркіленіп, мемлекет кірісіне өндірілуі керек болған. Алайда сақтауда тұрған кезде аталған жүк көлігі бөлшектеліп, ұрланған. Сонымен қатар, тәркіленуге жататын басқа да мүлікті жасыру фактісі ашылды.  Қылмыстық іс аясында құны 8 млн теңге болатын «Mercedes E350» маркалы көлік күдіктінің әкесіне сақтауға берілген. Кейіннен сот бұл көлікті мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарған. Бірақ соттың шешіміне қарамастан, күдіктінің әкесі сақтау міндетін орындаудан бас тартып, көлікті жасырып қойған”, – дейді прократура қызметкерлері хабарламасында.  

Қазіргі таңда, анықталған бұзушылықтар туралы сотқа дейінгі тергеу органдарына түпкілікті шешім қабылдау үшін құжаттар жолданған.