4 облыста терроризмді насихаттаған қылмыскерлер ұсталды

Nur-Altay Umirzak

Олардың тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынған

Сурет: ҚР ҰҚК

4 облыста терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырған қылмыскерлер ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 “2025 жылғы сәуірде ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана қаласы, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы діни радикалдардың әрекетінің жолын кесті.  Терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды, олардың біреуі бұрын соттылы болған. Тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұдан бөлек, ҰҚК бұрын тергеген қылмыстық істер бойынша сот Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының 3 тұрғынына қатысты айыптау үкімдерін шығарды.
 Сотталғандар әлеуметтік желіде және айналасында терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратқан.