Ерейментау ауданының 9 мектебінде заң бұзушылықтар анықталған
Ақмола облысында конституциялық құқығы бұзылған 298 мұғалімге 80 млн теңге жалақы төленеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мұғалімдерге жалпы 80 млн теген сомманы құрайтын жалақы мөлшері төленді
Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне тұрақты негізде талдау жүргізеді. Осы жұмыс аясында Ерейментау ауданының прокуратурасымен 9 мектепте 298 мұғалімге 80 млн теңге сомасында жалақы бойынша берешек белгіленді.Қадағалау актісі бойынша аталған берешек толық көлемде өтелді, осылайша 298 мұғалімнің конституциялық құқықтары қорғалды”, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, басқа да аудандарда тексеру жұмыстары жүргізілуде.