10 жылғы заңсыздық: Абай облысында ұлттық парктің 15 инспекторы ұсталды

Nur-Altay Umirzak

Жалған құжатты пайдалану 160 АЕК айыппұл немесе 40 тәулікке қамауға алу көзделген

Сурет: Тілеубек Шаяхмет/altainews.kz

Абай облысында  «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі”  қызметкерлері 10 жыл бойы жалған дипломмен жұмыс істеп келген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Абай облыстық прокуратурасы мәлімдеді.

“Үржар ауданының прокуратурасы 15 инспектордың жоғары білім туралы жалған диплом негізінде «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-не жұмысқа орналасқанын анықтады. Олардың кейбірі ұлттық парк жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен.Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделгенін ескертеді.