"3 апта бұрын өз еркімен кеткен": Таразда қала әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

Nur-Altay Umirzak

Ол бітпеген 3 тұрғын үйдің құрылысы үшін мердігерге 519 млн теңге аударып жіберген

Сурет: Facebook/Нурбол Калдыбаев

Таразда 3 апта бұрын өз еркімен қызметінен кеткен қала әкімінің бұрынғы орынбасары  Нұрбол Қалдыбаевқа сот шешімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Таразда бітпеген 3 тұрғын үйдің құрылысы үшін мердігерге 519 млн теңге аударған экс-шенеунік 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

“Тараз қаласының әкімдігі сот қарау барысында талап-арыз беріп, бұл талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылып, 2 тұлғадан ортақ көлемде 32 млн өндірілді. Ал ЖШС директорынан қалған 104 млн өндірілді. Жалпы 137 млн кінәлі тұлғалардан өндіріліп отыр”, – деді Тараз қалалық №2 сот төрағасы Ербол Дүйсенбаев.

Құрылыс аяқталмаса да, қабылдау құжаттарында үйлер толық тапсырылды деп көрсетілген. Сотта шенеунік кінәсін мойындамаған. Ол тексеру басталмай тұрып 3 апта бұрын өз еркімен қызметінен кеткен


Жалған құжат жасаған мердігер кәсіпкер 6 жылға сотталды. Ол алдымен тендерді ұтып, бірақ уәде етілген жұмысты орындамаған.