Заңсыз келісім бір көзден шарт жасау арқылы ұйымдастырылған
Абай облысында 200 млн теңгеге заңсыз шарт жасасудың жолы кесілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бқл туралы Абай облыстық прокуратурасы мәлімдеді.
“Аягөз ауданының прокуратурасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарына 200 млн теңге сомасында бір көзден мемлекеттік сатып алуды заңсыз жүргізгенін анықтады. Сатып алу жалғыз мердігерден жүзеге асырылған, бұл өзге әлеуетті жеткізушілердің қатысу мүмкіндігін шектеді. Прокуратураның ұсынуын қарау нәтижесінде заңсыз жасалған шарт бұзылып, қызметтерді сатып алу рәсімі бәсекелестік ортаға қайтарылды. Заң талаптарын бұзғаны үшін бөлім басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабы 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде айыппұл салынды”, – делінген прокуратура хабарламасында.
Бұдан бөлек, осыған ұқсас мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін аудан әкімінің орынбасары мен 6 ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға жалпы сомасы 1,3 млн теңге айыппұл салынған.