Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалып кеткен полицияның қару-жарақтары табылды

Nur-Altay Umirzak

Заңсыз айналымнан 400 қару, сонымен қатар 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынған

Сурет: Polisia.kz

 2-6 маусым аралығында елімізде республикалық "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп, 29 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 845 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Тексеру нәтижесінде: 

  •  заңсыз айналымнан 400 қару, сонымен қатар 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынды; 
  • 40 қару қоймасы анықталды; 
  • қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді, оның ішінде екі Калашников автоматы, төрт тапанша, төрт мылтық, қызметтік бронежилеттер, каскалар мен щиттар бар;
  • азаматтар тарапынан 87 қару өз еркімен тапсырылды;
  • сды;
  • Полиция қызметкерлері 10 мыңнан астам шаруа қожалықтарын тексеріп, әртүрлі 65 қару тәркіледі, - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығы Қанат Нұрмағамбетов.