"Көз қысты, бармақ басты": Жамбыл облысы Экология департаментінің басшысы сотталды

Nur-Altay Umirzak

«Тараз металлургия зауыты» өкілдері экология талаптарына көз жұма қарауы үшін пара берген

Сурет: Бейнеден кадр/пара алу сәті

Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

“Тараз қаласының сотымен Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Т.Смағұлов, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС Бас директорының орынбасары Б.Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы М. Асан сотталды. Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік бергені, жалпы қамқорлығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Смағұлов, Полатбеков және Асан жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл салуға сотталды”, – делінген Антикор хабарламасында.

Бұдан басқа, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылған. Сот актісі заңды күшіне енді.