"50 мың теңгеге үй ал": Ақтауда ерлі-зайыптылар TikTok және Telegram желілерінде заңсыз лотерея ойнатқан

Nur-Altay Umirzak

Олар 1800-ден аса адамға автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан

orengrad.ru

Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандары бар акаунттарында заңсыз түрде ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.
 

“Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан. Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан. Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 млн теңгеден асқаны анықталды”, – делінген ҚМА хабарламасында.

 Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.