Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев 12 жылға сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Экс-әкімнің ісінде мемлекетке 2 млрд теңгеге жуық шығын келтірілгені хабарланды.

Ашық дереккөзден

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен К. мен А-ға қатысты өылмыстық кодекстің 366-бабы (аса ірі мөлшерде пара алу), ал П.-ға 195 және 367-баптары (аса ірі мөлшерде пара беру, сондай-ақ ұрлау мақсатынсыз мүліктік залал келтіру) бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сотпен анықталғаны, К. мен А. лауазымды тұлғалар бола отырып, ЖШС директоры П.-мен сөз байласып, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою үшін одан аса ірі мөлшерде пара алған. Сондай-ақ, П. шын мәнінде орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарының актілеріне қол қоюды ұйымдастырған. Осы әрекеттердің салдарынан мемлекеттік мекемеге 1 987 827 622,63 теңге көлемінде залал келтірілген.

Алқабилердің үкімімен К. мен А. Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі бойынша, ал П. – 195-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы және 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен К.-ға 12 жылға, А. мен П.-ға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.