Алаяқтық дерегіне құқықтық баға беріледі
Алматыда белгілі журналист, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Кәкен Қамзин алаяқтардың құрбаны болды. Қартайған шағында ол өзінің жалғыз баспанасынан айырылып қалуы мүмкін. Қазір бұл іске қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай айтты.
Қазіргі таңда күдіктіні анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмейді. Бұл азаматтың баспанасы – өз атына тіркелген жылжымайтын мүлік. Менің ойымша, ол баспанасыз қалмайды. Алаяқтық дерегіне құқықтық баға беріледі, – деді ІІМ өкілі Жандос Сүйінбай.
Профессор Кәкен Қамзиннің үйінің ақшасын алаяқтар шетелге аударылған.
Қазір заңға сәйкес ашып ештеңе айта алмаймын. Бұл қылмыс бойынша біз тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз. Мұндай қылмыстардың қайдан және қалай жасалып жатқанын білеміз. Қазір қылмыскерлердің ақшаны қалай алғаны туралы, қалай шетелге транзакциялармен кеткен туралы тексеріс жүргізіліп жатыр, – деді ІІМ өкілі.
Сонымен бірге үйді сатып алғандардың бұл қылмысқа қаншалықты қатысы бар екені тексерілмек.