Алаяқтық жасаған Сәтбаев қаласы прокуратурасының қызметкері сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

facebook.com/GenProkRK

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қылмыстық істі шешуге жәрдемдескені үшін 1 миллион теңге алды деген күдікпен Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық прокуратурасының қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін БАҚ-та Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы прокуратурасының қызметкері ұсталғаны туралы хабарланған болатын.

Кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркегенін хабарлады. 

Қызылорда қалалық сотының шешімімен Сәтбаев қаласы прокуратурасының қызметкері Самат Қаниев кінәлі деп танылып, алаяқтық жасағаны үшін 3 жыл 6 айға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.