Хасан Қасымбаев ісі прокуратураға түсті

Qaz365.kz редакциясы

Қазіргі таңда материалдар процессуалдық шешімнің заңдылығына тексерілуде.

Хасан Қасымбаевтың жеке парақшасынан

Алматы облыстық прокуратурасы қылмыстық топтың ықтимал жетекшісі ретінде танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты істі тексеріп жатыр. Бұл туралы Jasalash.kz-ке сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, бұл іс 2025 жылдың 21 шілдесінде айыптау актісімен бірге прокуратураға түскен. Қазіргі таңда материалдар Қылмыстық-процестік кодекстің 302-бабына сәйкес, процессуалдық шешімнің заңдылығына тексерілуде.

Алайда тергеу мүддесіне байланысты істің нақты мән-жайы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмей отыр.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қарашасында Хасан Қасымбаев MMA жаттықтырушысы Арман Алимовты ұрлап, соққыға жықты деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ол атышулы «Хутор» қылмыстық тобының ықтимал жетекшісі ретінде аталған.