Түркістан облысында «Заң мен Тәртіп» қағидаты шеңберінде кездесу өтуде

Qaz365.kz редакциясы

Түркістан облысында дәрігерлердің қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістан облысында «Заң мен Тәртіп» қағидаты шеңберінде медициналық мекемелерге халықтың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын қалыптастыру және медициналық мекемелердегі қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінде Түркістан облысында полицейлер емделушілер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түрлі шаралар қабылдауда. Осы орайда ҚР Ішкі Істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, өңірдің медициналық мекемелерінің қабылдау бөлімшелерінде полицейлердің кезекшілігі ұйымдастырылып жатыр. Бұл қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Кезекшілікке келген әрбір полиция қызметкері смарт-бейнежетонмен жабдықталған және төтенше жағдайларда іс-қимыл бойынша нұсқамадан өтеді. Осы ретте, облыстағы 58 денсаулық сақтау мекемесінде бейнебақылау жүйесін полиция департаментінің жедел басқару орталығымен бірігеді. Бұл бастама құқықтық тәртіпті сақтап, құқықтық мәденеиетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту және денсаулық сақтау мекемелеріндегі қауіпсіздікті арттыру туралы тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді. Денсаулық сақтау министрі хабар¬лағандай, дәрігерлерге жасалған шабуылдарды құқық қорғау органдары қызмет¬кер¬лерінің жеке басына қауіп төндіру әрекетімен теңестіру, сондай-ақ медиктерге смарт-бейнежетондар беру, ауруханаларда кешенді күзет жүйелерін енгізу, қабылдау бөлімшелерінде тәулік бойғы полиция бекеттерін орналастыруды көздейтін заңнамалық түзетулерді дайындау басталған.