Түркістанда құқықтық сауаттылықты арттыру шаралары өтуде
Түркістан облысында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адам құқықтарын қорғау және қоғамдағы қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта құқық қорғау органдары интернет-алаяқтықтың алдын алу, нашақорлыққа қарсы күрес, сондай-ақ отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын атқаруда, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Осы ретте, Сайрам ауданы аумағында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу, нашақорлыққа қарсы, отбасылық зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Шара аясында тәртіп сақшылары мен прокуратура қызметкерлері және еріктілермен бірлесіп аудан көлемінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара халықты кибер қауіп туралы хабардар етіп өз құқығын білдіру, интернет-алаяқтардың тәсілдерін тануға үйрету және балалар мен ересектерді цифрлық алаяқтардан қорғау.
Аталған шара барысында тұрғындарға интернет алаяқтықтың түрлері, оны тану жолдары, жеке деректерді қорғау ережелері, онлайн қауіпсіздік негіздері және құқықтық көмек алу тетіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, нақты мысалдар арқылы алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері көрсетіліп, алдын алу жолдары ұсынылды. Мамандардың айтуынша, құқықтық сауаттылықты арттыру – азаматтардың алаяқтарға алдану қаупін төмендетіп, қоғамда заңға деген құрметті қалыптастырады. Осындай алдын алу шараларының арқасында тұрғындар өз құқықтарын білуге, құқықтық көмекке жүгінуге және киберқауіпсіздік мәдениетін ұстануға ынталы бола түсуде. Шара соңында қатысушыларға арнайы дайындалған құқықтық жадынамалар мен бейнематериалдар таратылып, онлайн қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған пайдалы кеңестер берілді.