Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандардың бірі түрмеден босап шықты

Qaz365.kz редакциясы

Ол жазасын өтеп шықты.

видеодан кадр

Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотталғандардың бірі Думан Ысқақ бостандыққа шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ұл туралы марқұм Шерзат Болаттың ісін жүргізген адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Думан Ысқақ кәмілеттік жасқа толмаған 434-бап, яғни ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді. 

Бірінші сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың  2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, Ысқақ қамаудан босатылды, – деді Шекеев.

Тергеу изоляторында өткізген уақыты жаза мерзіміне есептеліп, ол жазасын өтеп шықты.

Айта кетейік, 5 маусымда Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесіне нүкте қойылды.