ІІМ қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер туралы ескертті.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі азаматтарды дербес деректерді қорғауға және қаржылық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа өзгерістер туралы хабардар етті, деп жазады Qaz365.kz.
Министрліктің мәліметінше, Қылмыстық кодекске жаңадан қосылған 232-1-бапта өз банк деректемелерін үшінші тұлғаларға беру, сонымен қатар сыйақы немесе пайда табу мақсатында ақша аударымдарын олардың мүддесі үшін жүзеге асыру - енді қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні көрсетілген.
ІІМ өкілдерінің айтуынша, алаяқтар мұндай деректерді қолма-қол ақша айналымы мен басқа азаматтарды алдау мақсатында пайдаланады. Көп жағдайда азаматтар қылмыстық схемаға қатысушы екенін өздері де байқамай қалады.
Министрлік ескертеді:
ешқашан өзіңіздің банк карталарыңыз бен есепшоттарыңызды бөгде адамдарға бермеңіз;
«жеңіл жолмен табыс табуға» уәде бергендерге сенбеңіз;
күмән туындаса, дереу банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.