Сарыағаш ауданында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия отырысы өтті
Түркістан облысына қарасты, Сарыағаш ауданында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Аталған шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев және комиссия мүшелері, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Шарада құқықтық саясаттың іске асырылу барысы, құқықтық қамтамасыз ету бойынша бейінді ведомстволардың жұмысы және халықтың құқықтық мәдениетін арттыру қаралды. Сонымен қатар, кездеуде айтылған мәселелерге орай комиссия мүшелері мен отырысқа қатысушылардың ұсыныс-пікірлері талқыланды. Одан бөлек, аудан аумағындағы өзекті мәселелер бойынша құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Жалпы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстары – елімізде және аймақтарда құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті күшейту мақсатында ұйымдастырылады. Өткізіліп жатқан шаралар жастар арасындағы қылмыстың өсу себептері мен оны азайту жолдарын қарастырады. Одан бөлек, мектептер мен колледждердегі тәртіп бұзушылықтың алдын алу, профилактикалық есепте тұрған азаматтармен жұмыс және ілеуметтік желілердегі заңсыз контентпен күреседі. Осы ретте, өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар құқық бұзушылықты болдырмауға әрі тиімді шараларды анықтау, түрлі органдардың әрекетін біріктіру және қоғамда заң үстемдігін нығайтуға бағытталған.