Перизат Қайраттың адвокаты апелляциялық шағым түсірді

Qaz365.kz редакциясы

Адвокат Перизат Қайратқа шыққан үкімге шағымданды

Ашық дереккөзден

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның адвокаты сотқа апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Десе де, апелляциялық сот отырысы қашан өтетіні белгісіз.

Үкім

Перизат Қайрат өткен айдың соңында 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ ол мемлекеттік награда – «Шапағат» медалінен (қайырымдылық пен мейірімділік үшін беріледі) айырылған.

Қоғам белсендісі мен оған қатысты айыптау үкімі шығарылған анасынан сот 50 жәбірленушінің пайдасына жалпы көлемі 1 млрд 582 млн теңге материалдық шығын өндіруді міндеттеді. Бұдан бөлек, әрқайсысы 22 млн теңге мемлекеттік баж және 698 мың теңге сот шығындарын төлеуі тиіс.