Қаржылық мониторингі агенттігі ұсталғандар түскен пайдаға Астанадан екі пәтер, төрт көлік сатып алғанын жария етті
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҰҚКД-мен бірлесіп 9 млрд теңгеден астам сомаға электр энергиясын заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
ҚМА мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, майнинг кәсіпорындарына электр энергиясын сату тек бірыңғай мемлекеттік сатып алушы арқылы және 1 мегаватт-сағаттан аспайтын көлемде ғана жүзеге асырылуы тиіс. Алайда бірқатар энергиямен жабдықтаушы компаниялар екі жыл қатарынан халыққа, әлеуметтік нысандар мен стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарға арналған электр энергиясымен майнинг кәсіпорындарын заңсыз түрде қамтамасыз етіп келген.
“Жалпы қолды болған электр энергиясының көлемі 50 мегаватт-сағаттан асады. Бұл 50–70 мың халқы бар қаланың энергия тұтынуымен тең көрсеткіш, – деп хабарлайды агенттік.
Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушы елордадан 2 пәтер және 4 автокөлік сатып алған. Олар мүмкін болатын тәркілеу мақсатында сот санкциясымен бұғатталды. ҚМА тергеп-тексеру жалғасып жатқанын хабарлайды.